Спорт

Жерлес гір көтерушілер жүлделі оралды

Ал енді кезекті спорт жаңалығына берейік. Наурыз айының соңында Қостанай қаласында гір көтеру спортынан ел біріншілігі өтті. Жарысқа 25 жерлесіміз қатысып, өңір намысын абыроймен қорғап қайтты.

Теріскейліктер чемпионатта 3 алтын, 8 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Осылайша жалпы құрамалық есепте 2-ші орынға табан тіреді. Ал жеңіс тұғырының ең биік сатысына қостанайлық спортшылар көтерілді. Бұл ретте айта кеткен жөн, додада біздің команданың мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Артём Головин Қазақстан рекордын орнатты. 73 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен білекті жігіт 10 минут ішінде 32 киллограмдық гірді 127 мәрте көтерді. Жарыста топ жарғандар ел құрамасы сапына алынды. Енді, олар қазан айында Сербия мемлекетінде өтетін әлем біріншілігіне барады.

Култанов Байболат