МТРА жаңалықтары

Темір қоршау алынатын болды

Біз жақында ғана Брусиловский мен Астана көшелерінің қилысында орналасқан үйлердің тұрғындарына темір қоршау кедергі келтіріп тұрғандығын көрсеттік. Енді, сол 2 метрлік дуал облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тікелей тапсырмасымен алынып тасталатын болды.

Бұл жайлы өңір жетекшісі өзінің фейсбук парақшасында жазды. Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов дуал уақытша қойылғандығын көрсете келе, түсіністік танытқан азаматтарға алғысын білдіріпті. Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында қаламыздағы 6 үй темір қоршаумен көлегейлен болатын. Соның салдарынан тұрғындар терезеден даланы көруден қалған. Әрі маңайда қаңғыбастар да қаптап кетіпті. Олар тасада ішімдік ішіп, ауланы ластаған екен. Енді, мұның бәрі тыйылатын болды.

Култанов Байболат