Балалар

“Мен денсаулықты таңдаймын” атты акция бастау алды

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп Дүниежүзілік денсаулық күніне орай шағын акция өткізді.

Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оған дене белсенділігі, дұрыс тамақтану мен зиянды әдеттерден бас тарту жатады. “Мен денсаулықты таңдаймын” атты акция бүгін Спорт сарайында жаттығудан бастау алды. Шараға белсенді оқушылар, колледж студенттері және ардагерлер де қатысты. Ал жиынның екінші бөлімінде көшеде кездескен азаматтар темекілерін жеміске айырбастады.

Айнаш Сағандықова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің бас маманы:

 – Дені сау жастар – ел болашағы демекші, осы барлық жастарды спортпен шұғылдануға шақырамыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша көптеген аурулар спортпен дұрыс шұғылданбағандықтан және дұрыс тамақтанбағандықтан пайда болады екен. Сондықтан, әрбір адамның денсаулығы -өз қолында. «Дені саудың – жаны сау» демекші, әрбір адам спортпен шұғылдану керек.

 

Эльмира Садвокасова