МТРА жаңалықтары

Мамырда қазақстандықтар 11 күн демалады

Сәуір айында мемлекеттік мереке жоқ. Сол себепті, отандастарымыз әдеттегі ырғақпен жұмыс істейді. Ал келесі ай, керісінше, мейрамдарға толы болмақ. Мамырда қазақстандықтар бақандай 11 күн демалады.

Алдымен, 1 мамыр, сәрсенбі еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Ал 7-сі Отан қорғаушыларымыздың төл мейрамы ұлықталады. 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күнін тойлаймыз. Ерлік пен даңқ мерекесіне орайластырылған демалыстарды ұзағырақ ету үшін сенбі, мамырдың 4-і жұмыс күні болады. Осылайша, қазақстандықтар 9-ы, 10-ы, 11-і және 12-сі күндері тынығады.

 

Саят Ермек