Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірде су деңгейі көтерілді

Күннің жылынуына байланысты және өткен тәулікте түскен мол жауын-шашын салдарынан өңірдің өзен-көлдеріндегі судың деңгейі көтерілді. Соңғы 24 сағатта Сергеев су қоймасында тіршілік көзінің жиегі – 22 сантиметрге, Петропавл гидроторабында – 6, ал Үлкен Таранғұл көлінде 3 сантиметрге жоғарылаған.

Су деңгейінің биіктеуі Бабықбұрлық өзенінің  Айыртау ауданына қарасты Гусаковка ауылы тұсында байқалған. Дәл осындай жағдай Есіл бойының  Қызылжар ауданындағы Долматово мен Новоникольское селолары маңында да тіркеліп отыр. Бұдан бөлек, Сергеев қоймасында су арнасынан 10 сантиметрге асып кеткен. Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәулікте жауын-шашынның түсуі мен мұз қабатының бұзылуы жалғасады. Сәуірдің 5-і күні сынап бағанасы түнде плюс 5 градусты көрсетеді, кейбір жерлерде минус 3-ке дейін суық болады. Ал күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін жылиды. Қою тұман түсіп, екпіні секундына 20 метрге жететін жел тұрады.

 

Саят Ермек