Балалар

«Жас арлан» әскери-патриоттық клубымен таныстыру

Полиция қызметкерлері 30-ға жуық жасөспірімге «Жас арлан» әскери-патриоттық клубына экскурсия ұйымдастырды. Мұнда бүгінде сабақтан тыс уақытта 100-ге жуық ұл-қыз тәлім алады. Жеткіншектер ұйымда алғашқы әскери дайындықты үйренеді, күштері мен төзімділіктерін арттырады. Ал ең бастысы, бұл сабақтар үлгілі тәртіпті қалыптастырып, балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге септеседі.

Бүгінгі таныстыру шарасы кәмелет жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.