ТЖ

Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 16 жасар қызды құтқарды

Өрт сөндірушілер бойжеткеннің өмірін құтқарып қалды. Оқиға бүгін таңертең Есіл ауданына қарасты Явленка селосында тіркелді. Өрт шыққан үйге бірден жеке жасақ пен 2 арнайы көлік жіберілген. Мамандар келіп жеткенде баспананың шатыры мен есік алды жанып жатыпты.

Сол себепті, құтқарушылар ішкі терезені сындырып кіруге мәжбүр болған. Олар 16 жастағы бұрымдыны шкафтың артына тығылған жерінен тауып алып, сыртқа шығарған.