Аптадағы маңызды жаңалықтар

Су тасқынына байланысты жағдайды облыс әкімі байқады

Су тасқынына байланысты  облыс әкімі Құмар Ақсақалов – екінші күн қатарынан Уәлиханов ауданындағы Қулыкөл селосында. Бұл жерде кешеден бері шұғыл штаб жұмыс істеуде.

Тиісті маңызды шаралар күні-түні жүргізіліп жатыр, су тасқынына қарсы іске барлық қызметтер жұмылдырылған. Сілеті су қоймасының гидробекеттерінде судың төмендеуі байқалады. Құтқарушылар жергілікті тұрғындардың өмірі мен денсаулығын және мүлкін сақтау үшін барлық шараларды атқаруда.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қулыкөл мен Қаратал ауылдарында азаматтардың мүлік шығыны болмау үшін әрі денсаулығын сақтау мақсатында барлық тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің тұрғындарымыздың денсаулығына да, өміріне де еш қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Култанов Байболат