МТРА жаңалықтары

СҚО прокуроры Берік Асылов елордаға ауысты

СҚО-ның прокуроры Берік Асылов қызметінде көтеріліп, елордаға ауысты. Ол ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Мұндай шешімді Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Берік Асылов Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде заңгер мамандығын алған. Әр жылдары Алматы қаласы мен Ақмола облысының прокуроры болып еңбек еткен. Ал 2017 жылдан бері бұл қызметті біздің өңірде атқарды. Бүгін аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Берік Асыловқа адал қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа лауазымда сәттілік тіледі.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Барлық облыс жұртшылығының атынан шексіз алғыс айтамын. Прокуратура – бұл қадағалаушы орган, ол бәрін бақылап отыруы қажет. Сондықтан, білдей бір облыстың прокуроры болу – оңай қызмет емес. Сізге бірлескен жұмыс үшін ризашылығымды білдіремін. Сіз секілді адамдар еліміздің жоғары қадағалау органының басшылығында болуы тиіс.

Саят Ермек