МТРА жаңалықтары

Облыстық әкімдікте 2 бірдей ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Облыстық әкімдікте қос бірдей ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Алғашқы жиында аудандардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты сұрақтар қаралды.

Ал келесі шарада денсаулық сақтау және еңбек қатынастары салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жайы пысықталды. Кездесуді өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов қорытындылады. Аймақ басшысы жауапты бөлім өкілдеріне комиссия мүшелерінің пікірін ескеруді тапсырды. Осыдан бармақ басты, көз қыстылыққа жол бермеуге және тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеуді жүктеді.

Култанов Байболат