Балалар

Бизнес жүргізудің қыр-сыры түсіндірілді

Ниет бар, идея піскен. Егер өз ісіңді ашқың келсе, ең әуелі неден бастау керек?

Ақшадан бөлек, қандай қасиеттерді дамыту қажет әрі кәсіптің қандай тұстарын меңгерген жөн? Бизнес жүргізудің қыр-сырын осы істі қолға алғандардың өзінен естіп-білген жөн. Мұндай кеңес беру семинарларын табысты жандар жиі өткізіп жатады. Әрине, ақшаға.

Дегенмен, бүгін облыстық кітапханада жастар үшін осындай тегін шара ұйымдастырылды. Қазір түрлі мемлекеттік бағдарламалардың сан алуан мүмкіндіктерін біреу білсе, біреу біле бермейді. Диалог алаңында өз кәсібін дөңгелетіп отырған жергілікті іскер азаматтар тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушылар өз кезегінде сұрақтарын жаудырып, тұшымды жауап ала алды.

Азамат Омаров, кәсіпкер:

– Өз кәсібіңді ашу қиын емес. Қызықтыратын бағытты таңдап алған дұрыс. Шамалы ақша керек. Ең бастысы, ниет және жақындарыңның қолдауы ауадай қажет. Тісті ақпаратпен қаныққан да артық етпейді.

Данаш Хамзина