Қоғам

“Қызылжар су” ЖШС Наурыз мейрамын атап өтті

Бүгінде “Қызылжар су” кәсіпорнында мыңнан астам адам жұмыс істейді. Арасында 14 этнос өкілі бар.

Бүгін олардың барлығы бірлесіп қазақтың ұлттық мейрамы – Ұлыстың ұлы күнін атап өтті. Әз Наурызда монополист компания ұжымы флешмоб билеп, спорттық сайыстарда бақ сынасты, ал дастарханды бауырсақ, бәрәміш, қымыз сияқты ұлттық тағамдармен толтырды.

Жанар Алькина, «Кызылжар су» ЖШС заңгері:

– Наурыз мерекесінде қызметкерлер бір-бірін құттықтап, жұмысқа тәтті-дәмділерін алып келеді. Ұжымымыз ұйымшыл, ал мейрам достық қарым-қатынасымызды нығайта түседі. Барлық солтүстікқазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын. Табыс пен бақыт тілеймін.

Саят Ермек