МТРА жаңалықтары

Петропавлда сәнді тондардың жәрмеңкесі басталды

Сәнді әрі сапалы. Петропавлда ресейлік “Эталон меха” компаниясы тіккен ішіктердің көрмесі өтіп жатыр. Бағалары қалта қақпайды. Себебі, өндірушілер бұл жолы жерлестерімізге жеңілдіктер ұсынып отыр. Қолжетімді бағамен сыртқы киім сатып алғыңыз келсе, “Sity Mall” сауда орталығына асығыңыз.

Мөлдір Шаяхмет – тілші:

– Көрмеден көздің жауын алатын ұзынды-қысқалы, түрлі түстегі тондардың сан алуанын кездестіруге болады. Мұнда талғампаз ханымдар үшін сапалы әрі сәнді киімдердің 1000-нан астам түрі қойылған. Олардың барлығы қаракүзен, мутон, ондатр, түлкі, қоян және суыр сияқты бағалы аң терілерінен тігілген.

Мұнда жайғастырылған “Эталон меха” компаниясының тондары Ресей мен қазақстандық тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Алуан түрлі ішіктердің сапасына еш мін таға алмайсың. Жыл сайын Пятигорск қаласында шығарылатын киімдерді таңдайтындардың қатары көбейіп келеді. Бұл жолы көрмеге қойылған қысқы сырт киімдер арзандатылған бағамен саудалануда. Мәселен, әр тонға 10-нан 30 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Яғни, тонның бастапқы бағасынан 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін түсіріледі. Бұдан бөлек, көрмеден сатып алған кез келген тауарыңызды ақшасын бөліп төлеуге де мүмкіндік бар.

Артем Игнатьев – “Эталон меха” көрмесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

– Көңілден шыққан кез келген тауарды несиеге алуға болады. Ай сайын бөліп төлеу жүйесі қарастырылған. Ол үшін тек клиенттің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Жалпы, біз Петропавлға жылына 4-5 рет келіп отырамыз. Солтүстікқазақстандықтар әрқашан біздің тондарды жақсы алып жатады. Ішіктер чиптелген. Яғни, бұл киімдердің фабрикада тігілгенін көрсетеді.

Тондардың бағалары әр түрлі. Мәселен, ең арзаны – 350 мың, ал ең қымбаты 790 мың теңгені құрайды. Бұл жерде консультанттардың ақыл-кеңесін қаперге алып, түсі ұнаған ішікке әп-сәтте қол жеткізе аласыз. Өндіруші компанияның қыз-келіншектер мен егде жастағы әйелдерге ұсынар ерекше дизайнды тондары да аз емес.

Мөлдір Шаяхмет – тілші:

– Бүгінде әйелдер қауымы арасында ағылшын жағасы бар үстімдегі мына тон үлкен сұранысқа ие. Басқаларынан ерекшелігі – ішіктің өзі канадалық құндыз, ал жағасы бұлғын терісінен тігілген. Бұл өнімнің бағасы – 740 мың теңге.

Қызыл, қара, қоңыр, жасыл және көк. Қарай берсең, көз тоймайды. Көрмеде тондардан бөлек, түрлі түсті жилеттер мен паркалар да бар. Олардың орташа құны 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін.

Артем Игнатьев – “Эталон меха” көрмесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

– Мына парка ішінде терісі болмаса да жылуды жақсы ұстайды. Түсі де әдемі. Жастар тарапынан аса үлкен сұранысқа ие. Жаңбырлы күндері су өткізбейді. Жағасы жанат терісінен тігілген.

Әйелдер қауымының құлағына алтын сырға! “Эталон меха” көрмесі наурыздың 24-не дейін жалғаспақ. Сондықтан, сәнді тон аламын десеңіз “Sity Mall” сауда орталығының 3-ші қабатындағы ішіктер жәрмеңкесіне келуге асығыңыздар. Көрме күнделікті таңғы сағат 10-нан 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мөлдір Шаяхмет