Қоғам

Наурыз мерекесі қарттар үйінде тойланды

Әз Наурыз мерекесі қарттар үйінде аталып өтілді. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері алдыңғы толқын өкілдерімен кездесіп, мейраммен құттықтады.

Бүгін қарттар үйінде үлкен мереке. Мұндағы аға буын өкілдері Наурыз мейрамын тойлағалы отыр. Ұлыстың ұлы күні, жыл басына орай кең дастархан жайылыпты.

Әсемгүл Ахметова — СҚО кәсiпкерлiк және туризм басқармасының бөлiм басшысы:

 – Наурыз мейрамы қарсаңында облыстық кәсiпкерлiк және туризм басқармасы мен іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері қарттар үйіне келдік. Мақсатымыз осындағы аталар мен әжелерді мерекемен құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Бөлмеде көңілді атмосфера бірден орнады. Баянда ойнаған азамат бірнеше ән орындап, қарттарды бір сергітіп тастады. Ал, ортаға шыққан балалар тіпті керемет өнер көрсетті. Олар түрлі кейіпкерлердің образын сомдам, сахналық қойылым ұсынды. Оған қоса, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақпақ оқыды.

Мұның бәрі ата-әжелердің көңілінен шықты. Олар әндерді ұйып тыңдап, балалардың өнеріне қызыға қарап отырды.

– Кеше әскерилер келіп еді, бүгін басқа адамдар құттықтап жатыр. Бұған біз қуаныштымыз. Өнерпаздарға үлкен алғысымды айтамын.

– Мен осында 3 жыл тұрып жатырмын. Бізге жиі концерт қойылады. Бүгінгі кеш өзіме қатты ұнады.

Айта кетейік, бүгін қаламыздағы қарттар үйінде 36 аға буын өкілі тұрып жатыр.

 

Култанов Байболат