Мәдениет

“Амилькар – человек, который платит” атты спектакль сахналанды

Достық, махаббат және адалдық ақшаға. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры сахнасында “Амилькар – человек, который платит” спектаклінің тұсаукесері өтті.

Н.Погодин атындағы орыс драма театрының сахнасында халық назарына алғаш рет атақты француз драматургы Ив Жамиактың трагикомедия жанрындағы пьесасы ұсынылды. Қойылым режиссері – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Виктор Шалаев. Пьесада отбасылық құндылықтар туралы айтылады. Барлығы 7 адам қатысқан қойылымға әртістер 2 ай дайындалған екен.

Елена Покрас – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Бұл спектакльді осыған дейін біздің тұрақты көрермендеріміз тамашалады. Олар қойылымды жылы қабылдады. Пьесаның негізгі ойын жеткізе білдік деп ойлаймын. Бүгін зал толы. Басты рөлді тәжірибелі актер Ринат Исмаилов сомдайды.

Әртістердің айтуынша, ең қиыны образға кіру болған. Бұл оқиға шынайы сезімге деген сенімін жоғалтқан азамат туралы. Ол қыруар ақшаға 3 бейтаныс адамды жалдайды.

Досын – панасыз адам, сүйікті қызын – жеңіл жүрісті және адал әйелінің рөлін – атақты әртіс сомдайды. Олардың бұл қызметтері үшін басты кейіпкер Александр Амилькар ақша төлейді.

Алайда, қыруар қаржыға сатып алуға болмайтын нәрселер де бар. Ол – шынайы әрі адал достық. Спектакль барысында Александрдың келісімшарт бойынша досы Леон  өз бойынан суретшілік өнеріне деген дарынын ашады. Ол телеарналарға шақырылып, туындылары қомақты ақшаға сатыла бастайды. Кейін Леон басты кейіпкермен келісім шартты бұзады. Бұл сатқындықты көтере алмаған Амилькар спектакльмен қоса өз өмірімен де қош айтысады.

Ринат Исмаилов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері:

– Менің ойымша, әрқайсымыздың бойымызда өз кейіпкерлерімізге ұқсас жақтарымыз бар. Бірақ, бұл өте сирек кездеседі. Кейбір рөлдерді сомдағанда бойыңдағы келіспеушіліктерді жеңу керек болып жатады. Мәселен, менің мінезім спектакльдегі кейіпкерімдікіне мүлдем ұқсамайды.

Молдир Шаяхмет