Білім

Жергілікті университетте “Тамақ технологиясы” лабораториясы ашылды

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Тамақ технологиясы” атты лаборатория ашылды. Орталық азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының студенттеріне арналған. Ұл-қыздар енді тәжірибелік сабақтарын арнайы жабдықталған зертханада өткізетін болады.

Бесбармақ, бауырсақ, бәрәміш пен көже. Аталғандардың барлығын ата-бабамыз ғасырлар бойы дайындап келген. Ұлттық тағамдарды мінсіз әзірлеу қазақ қыздарының қанында болу керек. Бірақ, істің біз білмейтін тұстары да бар.

Алтынай Нұрмұқанова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– 109 план 01-15 Барлық азық-түліктердің пайдасы мен зиянын анықтап жатырмыз. Үйде біз тағамдарды еш өлшемсіз әзірлейміз. Ал, лабораториялық жұмыста пісіретін тамақтардың қышқылдылығын, майлылығын есептейміз.

Шынымен де, білместіктен дәмі тіл үйірер тағамды бүлдіріп алу оп-оңай. Мәселен, дайын тамақты 18 градустан жоғары температураға дейін ысытып жіберсе, оның құнарлылығы төмендейді екен. Бұны «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының студенттері зерттеуде. Тәжірибе жұмыстарын болашақ технологтар енді су жаңа лабораторияда өткізетін болады.

Күлбарам Баязитова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі:

– Зертханада студенттеріміз барлық тамақтарды зерттейтін болады. Осылайша, білікті маман болып шығады.

Лабораторияның ашылу салтанатына университет оқытушылары мен азық-түлік қауіпсіздігі кафедрасының ұжымымен бірігіп жұмыс істейтін кәсіпкерлер шақырылған. Кейін оларға студенттер “Наурыз” мерекесі аясында дайындаған ұлттық тағамдарды ұсынды. Алдағы уақытта жергілікті жоғарғы оқу орны тағы сүт және ет цехын ашпақ ниетте. Бұл білікті мамандарды даярлауға ықпал етпек.

 

Эльмира Садвокасова