МТРА жаңалықтары

Әскери білім беруді дамыту

Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әскери білім беруді дамыту. Бүгін осындай атаумен Петропавлда II халықаралық ғылым-практикалық конференция болып өтті.

Әскери институтта ұйымдастырылған шараға қазақстандық мамандармен қатар, Ресейден келген қонақтар да қатысты. Олар жиында қарулы күштерге сапалы кадрларды дайындау мәселесін талқылады. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында Президенттің “Ұлы даланың жеті қыры”, “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақалаларын негізге алу қажет. “Себебі, аталған маңызды құжаттарда патриоттық тәрбиеге ерекше мән берілген дейді” – мінберден сөз алғандар. Негізі, қазір Ұлттық ұлан курсанттары Болон жүйесі бойынша оқиды. Мұндайды ресейлік оқу орындары әлі меңгермепті. Бізде бұдан өзге де жаңашылдықтар баршылық.

Мұхаметқали Сатов – ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары:

– Бізде Платонов деген жүйе бар. Ол жүйе бойынша оқитын курсанттар баға алмайды. Оған ешкім кіре алмайды. Осылайша уақыта өте келе курсанттардың білімін тексереміз.

Култанов Байболат