Денсаулық сақтау

“Атлант” медициналық орталығы мамандарының қабылдауы

Мойын омыртқасы, арқа және буын ауруларынан арылуға “Атлант” медициналық орталығының мамандары көмектеседі. Ресейлік дәрігерлер ағзадағы бұл ақауларды швейцариялық бірегей әдіспен емдейді. Олар Петропавлға наурыз айының соңында келмек.

«Атлант» медициналық орталығының мамандары бірінші мойын омыртқасын емдеумен айналысады. Оның дұрыс орналаспауы мойын, арқа мен белдің сырқырауына әкеп соғады. Көп жағдайда атланттың жалжып кетуі сәбиде туу кезінде болады екен. Уақыт өте келе бұл ыңғайсыздық тудырып, ауырсыну белгілерінің жиілеуіне дейін жетеді.

Рауза Сембаеваның 5 жыл бұрын белі сыздай бастаған, кейін оған құйымшақ жүйкесінің қысылуы деген диагноз қойылады. Сырқаты аяққа ұласып, нәзікжанды ақсаңқырайтын болған. Осыдан кейін ресейлік мамандардың көмегіне жүгінуді жөн көреді.

Рауза Сембаева:

– Мен қажетті емдеу шараларынан өткеннен соң, дәрігер маған күніне екі рет гимнастика жаттығуларын жасау керек деді. Айтқанын бұлжытпай орындап жүрмін. Қазір жағдайым біршама жақсарды. Осыған дейін жергілікті дәрігерлерге жүгінген кезімде ешқандай нәтижесі болмап еді. Ал “Атлант” медициналық орталығы мамандарының қабылдауына қаңтар айында келдім. Оған еш өкінбеймін.

73 жастағы Федор Янакогловтың да 7-8 жылдан бері мойын омыртқасы маза бермепті. Дертіне дауа іздеген зейнеткер осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Федор Янакоглов:

– Денсаулығымның нашарлағаны соншалық буындарым сырқырап, қолым, саусақтарым жансызданатын күйге жетті. Кейін ресейлік мамандардың қаладағы “Панацея” отбасылық медициналық орталығында ем-дом шараларын жүргізетінін естідім. Дәрігердің қабылдауында болдым. Қазір жағдайым жақсарып қалды.

Адамды қалыпты өмір салтына қайта оралтуда мамандар швейцарлық ғалымдар ойлап тапқан әдістемені пайдаланады. Бір процедураны қолдану жеткілікті, кейін ағзада өзін-өзі емдеу үрдісі жүретін көрінеді. Осылайша «Атлант» орталығының дәрігерлері мыңдаған науқасқа көмектескен.

Владимир Бочановский, “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Біздің орталық краниовертебралды аймақтың жұмысын қалыпқа келтірумен айналысады. Ағзаның бұл тұсы бас сүйек пен омыртқаны жалғайды, миды қанмен қамтамасыз етеді. Тың технологияның көмегімен біз аталған жердегі бұлшық ет пен буындардың қызметін түзейміз.

Ресейлік мамандар Петропавлда наурыздың 22-сі мен 28-і аралығында болады. Дәрігерлердің қабылдауына 63-22-63 телефон нөмірі арқылы жазылуға мүмкіндік бар. Ем-дом шаралары мен консультациялар М.Жұмабаев көшесі, 109 мекен жайында орналасқан “Панацея” медициналық орталығында жүргізіледі.

Данаш Хамзина