Мәдениет

Облыстық бейнелеу өнері музейінде “Білім және сенім көзі” көрмесі ашылды

“Білім және сенім көзі”. Бүгін облыстық бейнелеу өнері музейінде осындай атаумен көрме ашылды. Шараны осымен 5-ші жыл Петропавлдағы Барлық Әулиелер храмы ұйымдастырып отыр.

Көрмеге келген жамағат православ мәдениетімен жіті таныса алады. Мұнда құдайға құлшылық етуге арналған ежелгі кітаптар мен иконалар, 19-20 ғасырларда жасалған колөнер бұйымдары қойылған. Барлығы – 160 жәдігер. Оларды тамашалауға келген жерлестеріміздің саны көп болды. Арасында ересектер де, мектеп оқушылары да бар. Айта кеткен жөн, биылғы көрмеде орыс халқының тұрмыстық заттарына да ерекше көңіл бөлінген. Мұнда ағаш үйдің макеті, ескі шойын қазан, ұлттық киімдер мен музыкалық аспаптарды көруге болады. Бұл жәдігерлердің барлығын азаматтар Петропавлдағы Барлық Әулиелер храмының музейіне сыйлаған.

Валентина Махиня, Барлық Әулиелер храмының кітапханашысы:

– Бүгін Рухани кітап күні аталып өтілуде. Аталған көрме экспозициясы осы мерекеге арналған. Мұндағы діни кітаптардың, шіркеу заттары мен тұрмыстық заттардың барлығы бұрындары қолданыста болған, әрқайсысы ерекше сырға толы. Көрме Пасха мерекесіне дейін жалғасады.