Қоғам

“Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні” атты мерекелік шара өтті

“Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні”. 17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде осындай атаумен мерекелік іс-шара өтті. Оның барысында / жиналған қауым / оқушылар мен жергілікті шығармашылық ұжым ұсынған концертті тамашалады. Сондай-ақ, қазақ халқының ұлттық тағамы – Наурыз көже мен ыстық бауырсақтан дәм татты.

Салтанатты шара Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің бастамасымен өтуде. Мамандар білім ошағында арнайы көрме ұйымдастырған екен. Мұнда 1989 жылы “Ленин Туы” газетінен алынған үзінділер, архивтік құжаттар мен сол жылы түсірілген фотосуреттер жайғасқан. Жалпы, бұл шара оқушыларға “Көрісу” дәстүрі жайлы кеңірек білуге мүмкіндік бермек.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– Батыс Қазақстанда ертеден “Амал”, “Көрісу” күні деп аталып келген. Биыл біз 14 наурыздан бастап жатырмыз. Бұл бастаманы Астана қаласы бастады.

Шара барысында кәсіптік-педагогикалық колледж студенттері киізден түрлі бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағатын ұйымдастырды. Бұрын ата-бабамыз киізден кебеже, сандық және ыдыс-аяқтың қаптамаларын жасаған. Кебенек, қалпақ, сырмақ, байпақ та тіккен. Өнерлі жаста киізді кәдеге жаратудың қыр-сырын көрсетті.

Мария Трунова – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:

– Киіз басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келген. Бұл үрдіс қойды қырқудан басталады да, жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады.

Сондай-ақ, жиында Наурыз көженің дайындалу әдісі туралы айтылып өтті. Жиналған қауым 7 дәм қосылған тағам мен ыстық бауырсақтан дәм татты. Кейін бүлдіршіндер көрермендерге ән салып, әсем билерін тарту етті.

Молдир Шаяхмет