Денсаулық сақтау

Ресейлік дәрігерлер кезекті қабылдау өткізеді

Бірінші мойын омыртқасының жылжуы неге әкеліп соқтыруы мүмкін? Оны қалай емдеуге болады? Бұл сұрақтың жауабын “Атлант” медициналық орталығының дәрігерлері біледі.

Бассүйек ішіндегі қысым мен қан айналымының бұзылуы. Александр Кучерявыйға ресейлік дәрігерлер осындай диагноз қойған. Жүк көлігінің жүргізушісі болғандықтан, жұмыс уақытының көп бөлігін отырған күйде өткізеді. Осыдан да беліне зақым келсе керек. Салдарынан ер адамның ұйқысы да бұзылған, белі сыздап ауырғандықтан, жиі ояна беріпті. Осылай 4 жыл бойы зәрезап болған Александр ақыры «Атлант» орталығының мамандарына жүгініп отыр.

Александр Кучерявый:

– Мен дәрігердің қабылдауына жазылып, қаралуға келдім. Маған тиісті процедура шараларын тағайындады. Ем-домнан кейін бірден жеңілдеп қалдым. Белімнің ауырғаны да басылып қалды. Енді келесі айда 3-ші процедураға келемін.

«Атлант» медициналық орталығының мамандары бірінші мойын омыртқасын емдеумен айналысады. Оның дұрыс орналаспауы мойын, арқа мен белдің сырқырауына әкеп соғады. Көп жағдайда атланттың жалжып кетуі сәбиде туу кезінде болады екен. Уақыт өте келе бұл ыңғайсыздық тудырып, ауырсыну белгілерінің жиілеуіне дейін жетеді.

Рауза Сембаеваның 5 жыл бұрын белі сыздай бастаған, кейін оған құйымшақ жүйкесінің қысылуы деген диагноз қойылады. Сырқаты аяққа ұласып, нәзікжанды ақсаңқырайтын болған. Осыдан кейін ресейлік мамандардың көмегіне жүгінуді жөн көреді.

Рауза Сембаева:

– Мен қажетті емдеу шараларынан өткеннен соң, дәрігер маған күніне екі рет гимнастика жаттығуларын жасау керек деді. Айтқанын бұлжытпай орындап жүрмін. Қазір жағдайым біршама жақсарды. Осыған дейін жергілікті дәрігерлерге жүгінген кезімде ешқандай нәтижесі болмап еді. Ал “Атлант” медициналық орталығы мамандарының қабылдауына қаңтар айында келдім. Оған еш өкінбеймін.

Адамды қалыпты өмір салтына қайта оралтуда мамандар швейцарлық ғалымдар ойлап тапқан әдістемені пайдаланады. Бір процедураны қолдану жеткілікті, кейін ағзада өзін-өзі емдеу үрдісі жүретін көрінеді. Осылайша «Атлант» орталығының дәрігерлері мыңдаған науқасқа көмектескен.

Владимир Бочановский, “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Біздің орталық краниовертебралды аймақтың жұмысын қалыпқа келтірумен айналысады. Ағзаның бұл тұсы бас сүйек пен омыртқаны жалғайды, миды қанмен қамтамасыз етеді. Тың технологияның көмегімен біз аталған жердегі бұлшық ет пен буындардың қызметін түзейміз.

Ресейлік мамандар Петропавлда наурыздың 22-сі мен 28-і аралығында болады. Дәрігерлердің қабылдауына 8-715-2-63-22-63 нөмірі арқылы жазылуға мүмкіндік бар. Ем-дом шаралары мен консультациялар М.Жұмабаев көшесі, 109 мекен жайында орналасқан “Панацея” медициналық орталығында жүргізіледі.

Молдир Шаяхмет