Құқық қорғау органдары

Қалалық полиция басқармасында 200-ге жуық нәзікжанды жұмыс істейді

Қалалық полиция басқармасында 200-ге жуық нәзікжанды жұмыс істейді. Бүгін 8 Наурыз мерекесіне орай шен таққан арулар құрметке бөленді.

Шара шығармашылық ұжымдардың қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концерттен басталды. Әсем ән мен биге тәнті болған арулар қызмет жолындағы адал еңбегі үшін марапатқа ие болды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы атынан Ішкі істер органдарының ардагері Күлбарам Бекеноваға көпжылдық қызметі үшін алғыс хат берілді. Сондай-ақ, ерлермен иық тіресе қызмет атқарып жүрген әйел полицейлерге төс белгілер мен медальдар табысталды. Ал 2 нәзікжанды мерзімінен бұрын кезекті арнайы шенін алды. Солардың бірі – Наталья Цапова.

Наталья Цапова – Петропавл қаласы полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторы:

– Мен “аға лейтенант” арнайы шенін алдым. Алдағы уақытта да ішкі істер органдарына қызмет етіп, маған артқан сенімді ақтауға тырысамын. Сондай-ақ, нәзікжандылар қауымын мерекемен құттықтап, әйел бақытын тілеймін.

Молдир Шаяхмет