Құқық қорғау органдары

“Құқықтық тәртіп” алдын алу шарасы жалғасуда

Өңірде ақпанның 28-інен бері “Құқықтық тәртіп” алдын алу шарасы өтіп жатыр. Күн сайын оған солтүстікқазақстандық 800 полиция қызметкері ат салысады. Бір апта ішінде мамандар 4300 құқықбұзушылықты анықтаған.

– водитель автомашины «Ниссан» при управлении автотранспортным средством нарушил ПДД: разговаривал по сотовому телефону. Необходимо составить протокол и передать на Центр.

Бұл – “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы басталғалы бері тіркелген 4300 әкімшілік құқықбұзушылықтың бірі. Телефонмен сөйлесіп отырып көлік басқару бүгінде жүргізушілер үшін үйреншікті дүниеге айналған. Тәртіп сақшыларының соры болған тағы бір санат – машинаны мас күйінде тізгіндейтіндер. Бір апта ішінде полицейлер мұндай 41 фактіні тіркеген. Оған қоса, заңсыз түрде жолаушылар тасымалымен айналысатын тұрғындар да бар. Солардың бірі – Мамлют ауданынан облыс орталығына адамдарды таситын 58 жастағы азамат. Заңға бағынбаған жанға хаттама толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Александр Розбах – СҚО ПД ЖПҚБ бөлім бастығы:

– Облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – көше мен қоғамдық орындарда орын алуы мүмкін заңбұзушылықтарды болдырмау. Учаскелік инспекторлар қазір полиция есебінде тұрған жандармен жұмыс жүргізуде. Бұл ретте тәртіп сақшылары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 500 адам мен тұрмысы төмен 362 отбасыға барып қайтты.

“Құқықтық тәртіп” профилактикалық шарасы наурыздың 6-сына дейін жалғаспақ.

Эльмира Садвокасова