Спорт

Тәртіп сақшылары шаңғы жарысынан сынға түсті

Тәртіп сақшылары шаңғы жарысынан сынға түсті. Өңір полицейлері “Динамо” дене шынықтыру-спорттық қоғамы ұйымдастырған дәстүрлі қысқы спартакиаданың бірінші күнін қорытындылады.

Дүбірлі додаға күш құрылымдарының 14 ұжымы қатысқан. Спартакиада басталмас бұрын шен таққан нәзікжандыларды мерекемен құттықтау сөздері айтылды. Өйткені, полицей әйелдер өз жұмыстарына жауапты қарап, шыдамдылық пен төзімділіктің арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр делінді.

Сонымен жарыс жолына алғашқы болып шыққан нәзікжандылардың арасында 1-ші орынды арнайы даярлық басқармасының инспекторы Лидия Логинова иеленді. Шаңғы бәсекесінде ерлер де қалыс қалған жоқ. Олардың сайысы тіптен тартысты өткен. Нәтижесінде оқу-жаттығу взводының қызметкері Олег Гурский үздік атанды.