Спорт

Теннистен ITf Juniors турнирі аяқталды

Демалыс күні Петропавлда теннистен жасөспірімдер арасында “ITf Juniors” атты төртінші дәрежедегі турнирдің финалы өтті.

Бекзат Усипбеков тенниспен 10 жасынан бастап айналысады. Содан бері талай турнирлерге қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген. Бала кезінен үздік теннисші Александр Недовесовқа еліктеп өскен Бекзат, жақында Дубайда өткен халықаралық деңгейдегі чемпионатқа қатысып екініші орынды қанжығасына байлапты. Ал бүгінгі финалда оның қарсыласы – оңтүстікқазақстандық Шахрух Гайратов.

Міне, алғашқы айналым да басталып кетті. Екі спортшы да бір-бірінен өтеді. Жеңіске жету үшін барын салған Бекзат соққы үстіне соққы дарытып жатыр. Алайда, Шахрух та қарап қалмады. Бекзаттың қателігін ұтымды пайдаланған ол есепті еселеп алды. Сонымен, алғашқы партия аяқталды. Есеп 6:3 Шахрухтың пайдасына шешілді.

Бекзат Усипбеков – турнирге қатысушы:

– Мен тенниспен жеті жыл көлемінде айналысып келемін. Мен осы турнирде 4 ойын өткізіп, 4-уін де жеңдім.

Теннис соққының қатты болуымен қатар, жылдамдық пен ептілікті қажет етеді. Қазіргі таңда жастар арасында кең тараған бұл ойын түрі Қазақстанда жақсы дамып келетін көрінеді.
Аталған спорт түрінен нәзікжандылар да қалыс қалмақ емес. Турнирге Ресейден келген екі жасөспірім қыздың бүгінгі аяқ алыстары жаман емес дейді ұйымдастырушылар.

Александр Щербин – турнирдің бас төрешісі:

 – 25 ақпан мен-2 наурыз аралығында өткен додаға Қазақстаннан бөлек Ресей және Өзбекстаннан 18 жасқа дейінгі 32 жас спортшы қатысты. Алайда, тек финалға 4 ойыншы ғана жолдама алды. Олардың арасында екі қазақстандық теннисші де бар. Олар Михайл Кукушкин сияқты Қазақстанның атын әлемге танытатынына сенемін.

Турнир қорытындысы бойынша, жүзден жүйрік атанғандар медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Ринат Айтжанов