Спорт

Шаңғымен жүгіруден спартакиада өтті

Денсаулық күніне орай Борки кентінде шаңғымен жүгіруден қалалық спартакиада өтті. Дәстүрлі марафонға 600-ге жуық спортшы қатысты. Олар таза ауа аясында сынға түсіп, демалыс күндерін пайдалы әрі қызықты өткізді.

Келушілердің басым бөлігі – шаңғымен жүгірудің қарапайым түрін үйренгендер. Арасында спорт шеберлері де бар. Теміртас Әлжанов егде жасқа кеп қалса да жастардан қалыспай, бүгінгі сайысқа қатысқалы тұр. Жарыс алдында дайындығын пысықтап, денесін қыздыруда. 3 км қашықтықта өз бағын сынайтын ол жеңіске жетуге дәмелі.

Теміртас Әлжанов, жарысқа қатысушы:

– Бүкіл қаланың тұрғындары шаңғы спортының спортына келіп жатыр. Осындай жарыс жылда өтеді.

Ал қалалық 23 орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі – Кемел Тәкішов жарысқа оқу ошағының ұжымын бастап келген. Олар қарсыластарын басып озып, мәреге бірінші болып келетіндеріне сенімді.

Кемел Тәкішов, жарысқа қатысушы:

– Бүгінгі денсаулық күніне әдейілеп 23 мектептің ұжымы шаңғы тебуге келдік. 10 мұғалімнің ішінде математика, информатика, биология және де дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері уақыттарын бөліп, осы мейрамға қатысуға келді. Мақсатымыз – жығу, бірінші келу.

Жарыс шарты бойынша бастапқыда барлық қатысушылар 1 км қашықтықты жүгіріп өтулері тиіс. Бұл сынақтан сүрінбей өткендер 3 шақырымда да өз бақтарын сынады. Суырылып алға шыққандар, 5 км де шын жүйрікті анықтады. Сайыс соңында жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларға сертефикаттар табысталды.

Асхат Ғалиасқаров