Құқық қорғау органдары

Облыстық полиция департаменті әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Жақсы көңіл күй, әдемі концерт, әсерлі құттықтаулар мен марапаттар. Осының барлығын әйелдер қауымына өңіріміздің тәртіп сақшылары сыйлады. Жылда алғашқылардың бірі болып теріскейлік нәзік жандыларды 8 наурыз мерекесімен құттықтайтын полицейлер, бұл жолы да әдеттен жаңылмады.

Негізгі шара басталмас бұрын, жиылғандар оркестрдің орындауындағы әсерлі әуенді тыңдай алды. Залға кіре берісте орналасқан музыканттар осылайша, барша келгендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлауға тырысты. Өңірдің бас полицейінің құттықтауын қабылдауға түрлі саланы тізгіндеген нәзік жандылар жиылған.

Берік Біләлов – СҚО ПД бастығы:

– Департаментте 494 әйел азамат жұмыс жасайды. Олардың 350-ден астамы аттестациядан өткен. Бізде 4 полковник, 28 подполковник және 103 майор бар. Бұл жандар ерлермен иық тірестіре, қылмыстарды ашуға көмектеседі. Криминалдық полиция, қылмыстық тергеу бөлімдері және өзге де қиын қызметтерде нәзік жандылар жұмыс атқарады. Олар жасаған іске үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Бұдан бөлек, полиция қатарында жолдастары қызметін атарып жүріп қаза тапқан 7 жесір әйел азамат, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің артында қалған және еңбек ардагерлерінің әйелдері бар. Тағы құқық қорғау саласына 9 көпбалалы ана жұмыс жасайды екен. Жиында олардың бірқатарына сыйлықтар табыс етілді. Ал кейбір нәзік жандылар кезекті шендерін алды. Солардың бірі – Кәмшат Аманқұлова.

Кәмшат Аманқұлова – Петропавл қалалық ПБ ақпараттық-аналитикалық бөлімінің инспекторы:

– Кезекші бөлімге келіп түскен хабарламалармен біз жұмыс істейміз. Мысалы, ұля телефон ұрланған болса, біз оны міндетті түрде тіркеуге алу керек. Кейін батальон қызметкерлері ол телефонды тексеруге алып, базадан қарайды. Сол біздің базадан оның ұрланған екеніні табуға болады. Өте қуаныштымын офицерлік шен алып жатқаныма.

Облыстық полиция департаменті бастығының бұйырығымен салада еңбек ететін барлық нәзік жандыларға сыйақы беру таруалы шешім шығарылды. Бұдан бөлек, бірқатар нәзік жандыларға облыс әкімінің Құрмет грамоталары және ведомствалық наградалар табыталды. Ал Дарина Сүлейменова «Мінсіз қызметі үшін» 3-ші дәрежелі медалімен марапатталды. Өткен жылы жазда оның қырағылығы арқасында кішкентай балғынның өмірі сақталып қалған. Егер ол немқұрайлық танытса арты соқпақты болар еді.

Дарина Сүлейменова – СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:

– Түскі ас ішіп жұмысқа бара жатқан болатынмын. Кенет жылап, анасын шақырып жатқан кішкентай баланың дауысын естідім. Аулада ойнап жүрген балалардың бірі болар деп алғашында аса мән бермедім. Кейін мұқият қарап, көпқабатты үйлердің бірінің терезісіндегі москит торына сүйеніп тұрған баланы көрдім. Оған терезеден әрірек кет деп едім, тыңдамады. Сосын бірден көршілерді шақырып, полиция мен құтқарушыларға хабар бердік. Мұны мен әринре ерлік жасадым деп ойламаймын. Бұл біздің жұмысымыз.

Кейін барлығы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады. Жылда өңірдің тәртіп сақшылары солтүстікқазақстандық нәзік жандыларды ерекше құттықтайды. Сондықтан барша әйелдер қауымы тосын сый күткені рас. Және көпшілікті таңқалдыру полицейлердің қолынан бұл жолы да келген сияқты. Өйткені, залға елордалық әртістер шығып өнер көрсетті. Ол «Әзіл әлемі» театрының мүшесі Ерболат Төлегенов пен «Килиманджаро» тобы.

Африкалық азаматтар 5 жылдан бері Астанада тұрады екен. Сондықтан қазақстандық аудиторияға әбден бауыр басып алған олар, солтүстікқазақстадық нәзік жандыларды мерекемен құттақтады.

Серж Матондо – «Килиманджаро» тобының солисі:

– Ең алдымен жылуық сыйлаймыз. Біздер теріскейде қалай суық екендігін білеміз. Ең бастысы аналарымызды бағалай білейік. Оларды құрметтеп өтейік. Біздің елде де 8 наурызды тойлатады. Сондықтан барша әйелдер қауымын құттықтаймын.

Қазақ тілінде сөйлеп, қазақша әндер орындап жүрген бұл азаматтар осылайша, барша жиылғандарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Магжан Ахмадина