Ауа райы

Наурыздың 5-сі мен 7-сі аралығында қатты жел көтеріледі

Енді, ауа райы туралы мәліметке кезек берсек. Қазір солтүстікқазақстандықтарға қауырт желіден күніне бірнеше хабарламадан келуде. Синоптик мамандардың ақпаратына сүйенсек, наурыздың 5, 6, 7-сі күндері өңірде қатты жел көтеріледі.

Оның екпіні – 23-28, кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жетеді деп болжануда. Тұман, боран мен көктайғақтың болуы да ықтимал. Жалпы, биылғы қыс қарға сараң болған жоқ. Көктемнің алғашқы айларында да ақ ұлпа әдеттегі шамадан көп түспек. Наруыздың 3-і жауған қар 30 күндік норманың 56 пайызын құраған. Салдарынан өңірдегі кейбір елді мекендерді су басу қаупі бар.

Наталия Левина – “Қазгидромет” ШЖҚ РМК СҚОФ директорының орынбасары:

– Бүгінгі таңда жердің тоңы қатты. Қалыңдығы 1,5 метрге дейін жетеді. Яғни, қар ери бастағанда су топыраққа сіңбейді. Жердің үстімен өтетін болады. Әсіресе, қар биыл Айыртау, Ғ.Мүсірепов аудандарында көптеп түсті. Есіл өзені арнасынан асатын болса, елді мекендіктерге қауіп төнеді. Соңғы ақпарат бойынша Сергеевка су қоймасының деңгейі 95 пайызды құрайды.

 

 

Култанов Байболат