Құқық қорғау органдары

«Мал ұрлығы» республикалық жедел-профилактикалық шарасы

Сәрсенбіден бері облыс аумағында «Мал ұрлығы» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Операцияға күн сайын 200-ден астам теріскейлік тәртіп сақшысы жұмылдырылған. Олар төрт түлік ұрлығының алдын алу мен қылмыстық істерді анықтау жұмыстарын жүргізді.

Жамбыл ауданында тәртіп сақшылары елді мекен тұрғындарымен кездесіп, мал ұрлығы жайында әңгіме қозғады. Жиында полиция қызметкерлері баукеспелер құрбанына айналмаудың жолдарын түсіндірді. Жергілікті серіктестіктердің бірінде қолға алынған «Электронды бақташы» жүйесін мысал ретінде келтірді. Үш жыл бойы 1200 басқа арналған жайылым төменжиілікті кернеулі сыммен айнала қоршалған. Нәтижесінде ірі қара ашық аспан астында қажетті азықпен қоректеніп жүріп айналаға жайылмайды. Бұл өз кезегінде ұрлықтың ықтималдығын азайтады.

– И насколько высоковольтное напряжение? 

 – Здесь низкочастотный ток, когда соприкасаются – это чувствительно.

Шара барысында полицейлер тағы қылмыстарды анықтау жұмыстарын жандандырды. Облыс бойынша 40 мобильдік топ құрылып, 43 бекет қойылды. Олар базарлар мен белгіленбеген сауда орындарын және мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексерді. Операцияның басынан бері / ұрланған 13 бас мал иелеріне қайтарылды.

Асхат Ақылбеков – СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

– Бұл іс-шара мал ұрлығына қатысы бар азаматтарды анықтауға, оларды ұстауға және жауапқа тартуға бағытталған.Ветеринарлық бақылау қызметінің мамандарымен бірлесіп, ет өнімдері сатылатын орындарда тексерулер жүргізіп жатырмыз. Бұзушылықтар анықталған жағдайда олар Әкімшілік кодекстің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы ақпанның 22-сі аяқталды.

Эльмира Садвокасова