Денсаулық сақтау

“Атлант” медициналық орталығы мамандарының кезекті қабылдауы

Адам ағзасындағы атланттың жылжып кетуі қандай дертке душар етеді? Салдарын қалай емдеп жазуға болады? Бұл сұрақтардың жауабын “Атлант” медициналық орталығының мамандары біледі. Ресейлік білікті дәрігерлер осыған дейінтың технологияны қолданудың арқасында талай науқасты сауықтырған.

Бас айналу, арқа мен мойынның ауруы, сколиз және жоғары қан қысымы. Бұл дерттерден құлантаза айығуға “Атлант” медициналық орталығының мамандары көмектеседі. Дәрігерлердің айтуынша бірінші мойын омыртқасындағы атланттың дұрыс орналаспауы туабітті пайда болуы мүмкін. Ал, есейген сайын бұның соңы адамдардың қимыл-қозғалысының қиындауына әкеп соқтырады екен. Абырой болғанда, швейцариялық ғалымдар бұл мүшені түзеудің тың тәсілін ойлап тапқан. Жаңа әдісті ресейлік ақ халаттылар да меңгеріп алыпты. Нәтижесі қуантарлық.

Владимир Бочановский, “Атлан” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Біз бұлшықеттің түйілуін жоямыз. Себебі, ол омыртқа аймағындағы буындардың жұмысын шектейді. Мойынның терең бұлшық еттеріне аппараттың көмегімен әсер етеміз. Ол өз кезегінде тікелей атлантқа серпін береді. Осы әдістің көмегімен омыртқа бұлшық еттерінің қызметі қалпына келеді.

Дәрігерлердің көмегіне жүгінетіндердің арасында бір жастағы баладан бастап 80-нен асқан қариялар да бар. Тиісті процедуралардан кейін ағзада өзін-өзі емдеу процесстері жүретін көрінеді. 3 жылдың ішінде “Атлан” орталығының мамандары осылай мыңдаған науқасқа жәрдем көрсеткен.

Людмила Васюк:

 – Бұрын қимыл-қозғалысым баяу болатын. Әсіресе, таңертең оянғаннан кейін төсектен тұруым қиыншылық туғызатын. Тиісті емдеу шараларын қабылдағаннан кейін жағдайым әжептәуір жақсарып қалды. Күш-қуатым молайып, қимылдарым шапшаң бола түсті.

Рауза Омарова:

 – Ауа райы бұзылса, менің де денсаулығым сыр беруші еді. Басым айналып, ұйқысыздық пайда болатын. Мамандар жүргізген емнің арқасында қазір өзімді жақсы сезініп жүрмін. Процедураның ағза үшін аса пайдалы екенін түсіндім.

“Атлант” орталығының ақ халаттылары Петропавл қаласында ақпанның 18-і мен 22-сі аралығында болады. Мамандардың қабылдауына 63-21-72 телефон нөмірі бойынша жазылуға мүмкіншілік бар. Дәрігерлер кеңес беру және ем-дом шараларын Жұмабаев көшесі, 109 мекенжайы бойынша орналасқан “Панацея” орталығында өткізбек.

Данаш Хамзина