Денсаулық сақтау

“Атлант” медициналық орталығының мамандары – Петропавлда

Бастың айналуы, мойын және арқадағы ауырсынулар. Ағзадағы бұл ақаулардан арылуға ресейлік “Атлант” медициналық орталығының мамандары көмектеседі. Бүгінге дейін білікті дәрігерлер бірегей швейцариялық технологияның көмегімен мыңдаған адамды сауықтырған.

Арқа мен мойынның ауруы және жоғары күре тамыр қысымы. “Атлант” медициналық орталығының ақ халаттыларына Людмила Чванова осындай шағыммен жүгінген. Нәзікжанды аз ғана уақыт ішінде жағдайының соншалықты жақсаратынына сенбепті де. Дегенмен, тың әдістің көмегі тиіп, бүгінде қала тұрғыны маза бермей келген дерттерінің барлығын ұмытқан.

Людмила Чванова:

– Менің басым қатты ауыратын. Оған қоса мойным да шыдатпайтын. Сондықтан, тамақ пісірген кезде басымды төмен түсіруге тура келетін еді. Салдарынан кеуде тұсым да ауыра бастады. Процедураны өткеннен соң бірден жеңілдеп қалдым.

«Атлант» медициналық орталығының мамандары аурудан тез айығып кетуге болады деп отыр. Бастысы дұрыс ем-дом тағайындалуы қажет. Дәрігерлердің көмегіне жүгінетіндердің арасында бір жастағы баладан бастап 80-нен асқан қариялар да бар. Ақ халаттылар Марина Казацкихтің де қалыпты өмірге қайта оралуына жәрдемдескен. Нәзікжандының мойын омыртқасы қисайыпты. Уақыт өткен сайын сырқаты сыр беріп, күшейе бастаған. Содан ол мамандардың қабылдауына келуді жөн көріпті.

Марина Казацких:

– Менің бір иығым екіншісінен биігірек болды. Ал, қазір олардың деңгейі бірдей, ұйқым да әжептәуір жақсарып қалды. Есте сақтау қабілетім де қалыпқа келді. Бұрын көп заттарды ұмытып қалатынмын. Оған қоса, күш-қуатым көбейді.

Қос науқастың жағдайы ұқсас көрінеді. Нәзікжандылардың бірінші мойын омыртқасындағы атлант жылжып кеткен. Оның дұрыс орналаспауы туабітті пайда болуы мүмкін. Ал, есейген сайын бұның соңы адамдардың қимыл-қозғалысының қиындауына әкеп соқтырады. Абырой болғанда, швейцариялық ғалымдар атлантты түзеудің тың тәсілін ойлап тапқан. Жаңа әдістің көмегімен ресейлік ақ халаттылар мыңдаған науқасқа көмектесіпті.

Владимир Бочановский, “Атлан” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Біз бұлшықеттің түйілуін жоямыз. Себебі, ол омыртқа аймағындағы буындардың жұмысын шектейді. Мойынның терең бұлшық еттеріне аппараттың көмегімен есер етеміз. Ол өз кезегінде тікелей атлантқа серпін береді. Осы әдістің көмегімен омыртқа бұлшық еттерінің функциясы қалпына келеді.

“Атлант” орталығының ақ халаттылары Петропавл қаласында ақпанның 18-і мен 22-сі аралығында болады. Мамандардың қабылдауына 63-21-72 нөмірі бойынша жазылуға мүмкіншілік бар. Дәрігерлер кеңес беру және ем-дом шараларын Жұмабаев көшесі, 109 мекенжайы бойынша орналасқан “Панацея” орталығында өткізбек.

Эльмира Садвокасова