Қоғам

Қыс келгелі бері қаладан 324 мың текше метр қар шығарылған

Қыс келгелі бері қаладан 324 мың текше метр ақ ұлпа шығарылған. Бірақ, өткен жолы – бір аптаға созылған қақаған аязды күндері бұл істі сәл доғара тұруға / тура келген. Енді ауа райы дұрысталысымен жұмыс қайта жандана түсті. Қазір коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері көшелерді таңнан кешке дейін / тау боп үйіліп қалған қардан тазалап жатыр.

Өткен жылға қарағанда биыл қардың көп жауғаны белгілі. Әрі борандатқан күндер де аз болған жоқ. Салдарынан қала көшелерін үйінділер басып, көліктер мен жаяу жүргіншілерге біраз қолайсыздық туғызды. Дегенмен, қазір коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері жолдарды ақ ұлпадан аршуға қызу кіріскен.

Жұмысшылардың бірі қарды күреп жатса, енді бірі жүк көлігіне артып жатыр. Көшелер түгел тазаланып болған соң көктайғақтың алдын алу мақсатында құм себіледі.

Ораз Каршалов – Петропавл қаласы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: 

– Ақпанның бас кезінде ауа-райы суық болды. Содан мына техникалар шығалмай қалды. Бұл қарлар бір апта бойы жиналып қалған қарлар.Ақпанның 9-ы нан бастағанбыз. Аптаның соңына дейін қаланың жартысын тазартамыз деген ойдамын.

Мына жерде жүрген техниканың барлығы дерлік жаңа. Соның біреуін 17 жылдық еңбек өтілі бар Есболат Есмұханов тізгіндеген. Ескі машинаның күші жетпейтін істі жаңалары оңай еңсереді дейді.

Есболат Есмұханов, автогрейдер жүргізушісі:

– Автогрейдерист болып 3 жыл істеймін. Бүгін, міне тазалау үшін шықтық. Сағат 7-ден таңғы 9-ға дейін істейміз.

Облыс орталығында жалпы қар тазалау жұмыстарымен 10 мекеме айналысады. Бұл іске барлығы 135 техника, 250-ге жуық адам жұмылдырылған.

Александр Цымбал, “Арх-монтаж” ЖШС директоры:

– Біздің серіктестіктен қар тазалауға 12 техника мен тағы бірнеше қызметкер шығарылды. Машинаның күші жетпеген жерлерді күрекпен күрейтін боламыз. Кеше біз Мир және Абай көшелерінен бастап Интернациональныйға дейін тазарттық. Кейін Аяған Шәжімбаев көшесіне қарай ойыстық.

Жалпы, қыс басталғалы бері қаладан 324 мың текше метр ақ ұлпа шығарылған.

Асхат Ғалиасқаров