ТЖ

Өрт сөндірушілер рейд шараларын жүргізуде

Жер үйлердегі өрт оқиғаларының алдын алу үшін сенбілік таңда өрт сөндірушілер рейдке шықты. Түсіндіру жұмыстарын олар апта сайын өткізіп тұрады. Себебі, аязды күндері баспаналарын пешпен жылытатын азаматтар көбіне сақтық шараларын елемейді. Мамандар оларға тиісті ережелерді еске салып, жылыту қондырғылары және электр сымдарымен абай болу қажеттігін айтты.

Бұл – Береке ықшам ауданындағы жеке секторлардың бірі. Өртке қарсы қызмет мамандары әр көшені аралап, әр есікті қағып, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатыр. Тіпті, азаматтардың баспаналарына бас сұғып, пештерінің жағдайымен де танысуда.

Валентина Худяшова, қала тұрғыны:

 – Мұржа әрқашан ашық тұрады. Пеш жаққанда барлық сақтық шараларын сақтауға тырысамыз. Күлді уақытылы шығарып тұрамыз. Егер өрт шыға қалса, жақын жерде су тұр.

Құтқарушылардың сөзінше, от көбіне жер үйлерден шығады. Жиі кездесетін себептердің көшін пештегі ақау бастап тұр.

Ерік Құдабаев, қалалық №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Ағаш және көмірмен жағылатын пештермен аса абай болған жөн. Отын толығымен жанып бітпейінше, мұржаны жаппау қажет, әйтпесе уланып қалу қаупі жоғары. Сондай-ақ, жаңа шығарылған күлді үйдің маңына шашуға болмайды. Электр сымдары да қауіпсіздік талаптарына сай етіліп орналасуы тиіс.

Алайда, жұртшылық апаттың айтып келмейтінін біле тұра, бұл сақтық шараларын елей бермейді. Рейд жүргізген құтқарушылар жылыту қондырғыларының жағдайларына қарап, көбіне жаға ұстаймыз дейді. Түзет деп нұсқау береді екен, бірақ талапты орындамағандарға ескерту айтумен шектелуге туралы келеді. Өйткені, бұл жағдайда жаза қолдану заңмен қарастырылмаған көрінеді.

– Притопочный лист чтобы был у вас.

– У нас просто друг пожарный, он это все знает, он не нагревается, вот этот вот дымоход.

– Смотрите электропроводка тоже не по правилам, сколько соединений.

Ал салғырттықтың салдары өте өкінішті болуы мүмкін. Бұған елде орын алған соңғы қайғылы оқиғалар дәлел. Бір апта бұрын Астанада болған өрт 5 қаршадай апалы-сіңлінің өмірін қиды. Түркістан облысында улы газ 2 балалы бүтін бір отбасын жазым қылды. Ал Петропавлда жыл басталғалы 79 бірдей өрт оқиғасы орын алған. Тілсіз жау шамамен 2,5 млн теңгенің шығынын келітіріп, 7 жерлесіміздің өмірін жалмады.

 

Саят Ермек