Құқық қорғау органдары

Полицейлер жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуда

«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік». Өңірдің ювеналдық полицейлері осындай республикалық жедел-профилактикалық іс-шара аясында жұмыс істеп жатыр. Оның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бүгінде қала бойынша 218 жағдайы төмен жанұя полиция есебіне қойылған.

– На учете состоите у нас. Проверяем по месту жительства, проверяем условия: домовую печь, чтобы она была в исправном состоянии. Дрова, уголь, чтобы были. Дрова, уголь есть? – Ну, есть, есть, конечно.

Мұндай рейд жүргізудегі мақсат – жасөспірімдер жасайтын құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Себебі, көп жағдайда жеткіншектер отбасындағы берекесіздіктің салдарынан жастайынан заңның ала жібін аттап жатады. Негізі, жыл басынан бері полицейлер 14 жасөспірімді есепке қойған. Ал балаларына тиісті түрде тәрбие бермегені үшін 79 ата-ана жауапкершілікке тартылыпты.

Еркегүл Басыбаева – Петропавл қаласы ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы:

– Ағымдағы жылғы ақпанның 11-інен 15-і аралығында қала аумағында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Бұдан бөлек, сағат түнгі 11-ден кейін үйде отырмай, көшеде немесе көңіл көтеру орындарында жүрген жеткіншектер де жиі кездеседі. Бұл құқықбұзушылықтарға заң бойынша ата-ана жауапты. Осылайша, жыл басынан бері полицейлер 187 заңды өкілді әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарға темекі және ішімдік сатқан 22 дүкен иесі жазаланыпты.

Саят Ермек