Денсаулық сақтау

Петропавлда ресейлік дәрігерлер қабылдау өткізеді

Мойын омыртқасы, арқа мен буын ауруларын ұмытудың тың тәсілі. «Атлант» медициналық орталығының мамандары мойын омыртқасындағы ақауларды жоюмен айналысады. Бірнеше жылдың ішінде санктпетерборлық дәрігерлер швейцариялық озық әдісті қолданып, мыңдаған пациентке нәтижелі ем-дом шараларын жасаған.

Дәрігерлердің айтуынша, ағзаның жұмысы мойын омыртқасындағы бірінші атланттың орналасуына тікелей байланысты. Қозғалыстың қиындауы, арқа, мойын мен буын аурулары, артериалды қан қысымының жоғарылауы мен сколиоз – бұның барлығы аталған мүшенің жылжып кетуінің белгілері екен. Сол себепті, әдетте дұрыс тағайындалған ем-дом мен бір процедура ауырсынуларды жоюға жеткілікті болуы мүмкін.

Владимир Бочановский, дәрігер-реабилитолог:

– Бұл технологияның мақсаты – бұлшықеттің түйілуін жою. Ол омыртқа аймағындағы буындардың жұмысын шектейді. Біз мұндай нәтижеге дірілді әсер ету көмегімен қол жеткіземіз. Мойынның терең бұлшық еттеріне аппараттың көмегімен есер етеміз. Ол өз кезегінде тікелей атлантқа серпін береді. Осындай әдістің көмегімен омыртқа бұлшық еттерінің функциясын қалпына келтіреміз.

Атланттың жылжып кетуіне спорттық жарақаттар мен жол-көлік оқиғасы кезінде алынған зақымдар себеп болуы мүмкін. Қалай болғанда да бұның салдары тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі мен асқазан-ішек жолының жұмысына кедергі келтіреді. Оған қоса миға қан жеткізетін күре тамырларды қысып тастайды. Мойын омыртқасындағы бұндай ақауларды ресейлік дәрігерлер түзей алады.

Рауза Омарова:

– Бұған дейін ауа райындағы өзгерістен менің басым ауырып, ұйқым қашатын. Қазір жағдайым әжептәуір жақсарып қалды. Ұйқым бірқалыпты, ауа райына да мән бермейтін болдым. Сондықтан, процедураның пайдасын атап өткім келеді. Қиналып жүргенше, бір рет барып, барлық аурулардан арылған дұрыс.

“Атлант” орталығының ақ халаттылары Петропавл қаласында ақпанның 18-і мен 22-сі аралығында болады. Мамандардың қабылдауына 63-21-72 нөмірі бойынша жазылуға мүмкіншілік бар. Дәрігерлер кеңес беру және ем-дом шараларын Жұмабаев көшесі, 109 мекенжайы бойынша орналасқан “Панацея” орталығында өткізбек.

Эльмира Садвокасова