Аптадағы маңызды жаңалықтар

Латын әліпбиін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2025 жылдан бастап еліміз латын графикасына толық көшуі тиіс. Бұл жұмыс кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ. Әзірге, жаңашылдықты насихаттау шаралары жүргізілуде.

Сондай семинарлардың бірі Петропавл қаласында өтті. Шараға 40-қа жуық адам қатысты. Тыңдаушыларға өткен жылдың аяғында қабылданған жаңа әліпбидің жазылуы және ережелері таныстырылуда. Әрине, барлық дайындық жұмыстары атқарылып біткен жоқ. Әлі біраз шаруа тындырылуы тиіс. Десе де, орын алған жаңашылдықтар біртіндеп қазақ тілі курстарын жүргізетін оқытушыларға түсіндіріліп жатыр.

Орал Жанатов – Тілдерді дамыту орталығы басшысының орынбасары:

– Қазір біз тек қана латын графикасындағы әліпбиді таныстырудамыз. Содан кейін шетел сөздерінің дұрыс жазылуын үйретеміз. Өйткені, кириллицадағы әріптердің біразы түсіп қалды. Солар қалай жазылады, соларды түсіндіріп өтеміз бүгін. Сабақ барысында жаңа технологияларды қолдану. Сосын еміле жазуларын теория және практикалық түрде жазылуын талқылайтын боламыз.

Магжан Ахмадина