Қоғам

Ауған соғысының ардагерлеріне арналып концерт ұйымдастырылды

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған орай қаладағы 23-ші орта мектепте шағын концерттік шара ұйымдастырылды. Айта кетейік, бүгінде өңірде 700-ден астам Ауған соғысының ардагері бар.

“Жас арлан” әскери-патриоттық клубының тәлім алушылары жиналған қауымға өз жыр шумақтарын арнап, шағын қойылымдарын қойды. Әскери киім киген жеткіншектер ардагерлердің алдында өнер көрсету үлкен мәртебе дейді. Әсіресе, қоян-қолтық ұрысының тәсілдерін паш еткен сәттері дүйім жұрттың көңілінен шықты.

Богдан Потемкин:

 – “Жас арлан” әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі ауд. “Біз бүгін қоян-қолтық ұрысын көрсетіп қана қоймай, ән де шырқайтын боламыз. Өзіме әскери өнер ұнайды. Біздің клубта жақсы жаттықтырушылар жұмыс істейді. Болашақта десантшы болуды армандаймын.

Келешек ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген шараға 30 адам ат салысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, балалар бұл шараға өткен жылдың қараша айынан дайындала бастаған. Эрик Тәттібаев – Ауған соғысының ардагері. Бүгінде ол – “Жас арлан” әскери-патриоттық клубының жетекшісі.

Эрик Тәттібаев, облыстық “Жас арлан” әскери-патриоттық бірлестігінің жетекшісі:

 – Біздің мекеме 4 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді тәрбиелейді. Бұл жерде балалар алғашқы әскери дайындық сабағынан тәлім алады. Сондай-ақ, шығыс жекпе-жегі, таэквондо, самбо сынды спорт түрлерімен де айналысады.

Жиын аяқталған кейін жеткіншектер ардагерлер қауымының алғысына бөленді.
Жалпы, бүгінде облысымызда 731 ауған ардагері бар. Кезінде Ауған соғысына өңірімізден 1500-адам аттаныпты. Оның 46-сы елге оралмаған.

Молдир Шаяхмет