Құқық қорғау органдары

СҚО полиция департаментінде 2 күндік семинар өтті

СҚО полиция департаментінде республикалық семинар-кеңес ұйымдастырылды. 2 күн бойы өткен шараға еліміздің бірнеше өңірінен келген криминалист мамандар қатысты. Олар жиын барысында өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдады.

Астана қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары криминалистерінің басын қосқан семинар-кеңесті өңірдің бас полицейі Берік Біләлов ашты. Ол өз сөзінде жауапты қызметтің жүгін арқалаған жандардың жұмысына тоқталып, мамандардың құқық қорғау саласында маңызды орын алатындығын айтты. Шарадан соң, меймандарға жергілікті тәртіп сақшыларының жаттығу полигондары, зертханалары көрсетілді. Онда әріптестер тәжірибе алмасты.

– Полигон состоит из 10 разделов, все подписаны: осмотр места происшествия, оружие, взрывотехника, ДНК, одорология, поисковые приборы.

Шара қатысушылары ашық аспан астында да практикалық жаттығу өткізді. Онда криминалистер қылмыс орын алға жерді зертеді. Нақтырақ айтсақ, мамандар оқтың неше рет және қай жақтан атылғандығын анықтады. Тағы, қарға түскен ізден заң бұзушы аяғының макетін гипстен жасап шығарды.

Бауыржан Қалыбеков – Қарағанды облысы ПД жедел-криминалистикалық басқарма бастығының орынбасары:

– Семинарға келу мақсатымыз – СҚО ПД ұйымдастыру жұмыстарымен танысып, өзіміздің тәжірибемізбен бөлісу, оқиға болған жерді зерттеу, тағы да басқа мәселелерді талқыға саламыз. Қысқы мезгілде оқиға орнын қарау, оқиға орнынан заттай дәлелдемелерді алу, оларды зерттеу жайлы тәжірибе жинап жатырмыз.

Айта кетейік, семинар барысында түсірілген фото және бейнематериалдар Ішкі істер министрлігіне жолданбақ. Олар келешекте өзге криминалистерді даярлау кезінде пайдаланылмақ.

Байболат  Култанов