Спорт

Конькишілер республикалық чемпионаттан кубокпен оралды

Конькимен жүгіруден өңіріміздің жасөспірім спортшылары республикалық чемпионаттан жеңіспен оралды. Қостанай қаласында өткен дүбірлі додаға барлығы 8 ұжым қатысыпты. Жалпы командалық есепте жерлестеріміз 13 медаль тағынған.

Өз командасының қоржынына бір емес 4 алтынды бірдей ұтып алған Елизавета Беркхайм бұл чемпионатта рекордтық көрсеткіш орнатып, үздік спортшылардың қатарын толықтырған. Жеңіске жетуімнің бірден-бір себебі бапкерімнің ақыл кеңесін қаперімде ұстадым дейді ол.

Елизавета Беркхайм – конькиші аударма: 

– Шынымды айтсам, мұндай көрсеткішке жетемін деп ойламаппын. Биыл көп еңбектендім. Алдыма нақты мақсат-міндеттер қойдым.

Ал Владислав Семененко өз құрамасының қоржынын 1 алтынмен толықтырған. 16 жастағы бозбала спорттың бұл түрімен 7 жыл айналысқан екен. Алдағы мақсаты – халықаралық чемпионаттарда өнер көрсету. Бүгінде сол арманыма бір табан жақындадым деп отыр.

Владислав Семененко – конькиші аударма: 

– Чемпионатқа үлкен жауапкершілікпен қарадық. Қарсыластарымыз да мықты болды. Тактиканың көмегімен ұттық деп ойлаймын.

Бапкерлердің айтуынша, дүбірлі додаға 150 конькиші қатысқан. Бірнеше командадан жасақталған құрамалардың арасынан оза шабу қиындық туғызбаған көрінеді.

Ольга Ихтендрис – жаттықтырушы аударма: 

– Бірінші күні конькишілер 500 метр қашықтыққа жүгірді. Ал 2-ші күні 1000-1500 метрді еңсерсе, соңғы кезеңде 3 мың метрді бағындырды.

Жеңіспен оралған жас конькишілер енді келесі сайысқа қызу дайындалып жатыр. Алда болатын чемпионаттарда бұдан да жоғары нәтижеге жетеміз деп құлшынып отыр.

Асхат Ғалиасқаров