Құқық қорғау органдары

Аязға байланысты жолдардағы бақылау күшейтілді

Аязға байланысты өңірдің тәртіп сақшылары трассадағы бақылауды күшейткен. Қазір түрлі бағытта күн сайын 15 экипаж кезекшілік атқарып жүр.

Жалпы, полиция қызметкерлері мен құтқарушыларға қойылған басты міндет – жүргізушілердің және жолаушылардың үсіп қалуын болдырмау.

Сол себепті, тәртіп сақшылары келе жатқан автокөліктердің жүргізушілерінен жалпы жол үстіндегі жағдайды, тоқтап тұрған автокөліктердің бар-жоғын сұрастырады. Өңірде күшейіп тұрған аязға байланысты полицейлер сақтық шараларын ескеріп, алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Баян Байғаскина – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

 – Күннің суытуына байланысы 5 ақпан күні «Астана-Петропавл» республикалық тас жолы жабылды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталмыш учаскені бақылауда.

Магжан Ахмадина