Қоғам

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды

Өткен жылы облыстық қоғамдық кеңес мүшелері 10-нан астам жиын өткізіпті. Отырыс барысында жол жөндеу, мектептердегі қазандықтарды сыртқа шығару, жоғарғы оқу орнындағы білім беру сапасын арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланған.

Негізі, қоғамдық кеңестер еліміз бойынша 2016 жылы құрылған екен. Сол кезде 3 жылға бекітілген ұжым мүшелері биыл қайтадан сайлануда.

Теріскейдегі ұйым құрамына 21 адам кіріп отыр. Оның 5-уі – мүшелікке жаңадан қабылданғандар. Жалпы, кеңесте 3 мемлекеттік қызметші болса, қалғандары – үкіметтік емес ұйым өкілдері. Сондай-ақ, жиында президиум мен комиссия құрамдары таңдалды. Тағы облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды. Жиналғандар Қайырлы Едіресовтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Айта кетейік, ол осыған дейін де үш жыл кеңеске жетекшілік еткен болатын.

Қайырлы Едіресов – облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:

– Жұмыс көп. Халық атынан сайланып жатқандықтан, халықтың жағдайын ойлап, қандай жерде кемшілік бар – сол мәселелерді шешуге бір адамдай ат салыссақ, сонда «қоғамдық»деген атымызды халық түсінетін болады.

Култанов Байболат