Балалар

Назарбаев Зияткерлік мектебінде флешмоб өтті

Пайдалы энергия уақыты. Бүгін осындай атаумен қаладағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі флешмоб ұйымдастырылды.

Жастар жылына арналған шараға білім ордасының 600-ден аса студенті қатысты. Олар 15 шаңыраққа бөлініп өнер көрсетті. Яғни, түрлі сыныптарда оқитын ұл-қыздар бірігіп, өз топтарының намысын қорғады. Осылайша дарынды балалар достықтың үлгісін көрсетті. Негізінен көңілді кеште оқушылар заманауи және патриоттық әуендерге биледі. Арасында сахналық көрініс көрсетіп, музыка ырғағына қимылдағандар да болды. Шара соңында жүлдегердер және гран-при иегері анықталды. Үздік атанғандарға ақшалай сыйлық табысталды.

Жандияр Көкен – Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:

– Мен Мағжан шаңырағының мүшесімін. Флешмобқа жақсы дайындалдық. Біздің топ 10-11 сыныптарда оқитың балалардан құралған.

Ділназ Төлеген – Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:

– Биде жақсылық пен жамандық арасындағы дауды көрсетеміз. Соңында жақсылық жамандықты жеңеді.

Байболат  Култанов