Қоғам

Ресейлік “Эталон меха” компаниясының көрмесі бастау алды

Сәнді киінуді жаны сүйетін қыз-келіншектердің құлағына алтын сырға! Петропавлда ресейлік “Эталон меха” компаниясының көрмесі бастау алды. Жәрмеңкеге көздің жауын аларлық жүздеген ішік қойылған.

“Эталон меха” компаниясы теріскейліктерді өз тауарларымен бірнеше жыл бойы қуантып келеді. Ресейлік ішіктердің сапасына солтүстікқазақстандық нәзікжандылар шүбә келтірмейді. Бағалары да көңілге қонымды. Сондықтан, бүгін ғана бастау алған көрмені ести сала қала тұрғындары сауда үйіне ағылуда. Бұл жолы қыз-келіншектерге жүздеген тон ұсынылып отыр. Олардың әрқайсысы басқаларынан өзгеше.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:

– Бірінен бірі өтіп, көздің жауын аларлық алуан тонның ішінен таңдаулысын алу – қиынның қиыны. Бұл ретте кеңесшілердің көмегіне жүгінген абзал. Мамандардың сөзінше, қазіргі таңда малахит, графит, жасыл және менің үстімдегідей лаванда түстері сәнде екен. Ал, сыртқы киімнің үлгісіне келер болсақ, нәзікжандылардың таңдауы соңғы уақытта мынадай «ағылшын» жағасы бар ішіктерге түсуде.

Жастар жағы көбінесе қара күзеннен жасалған пончо, қалың жағасы бар қысқа ішіктерді сатып алады екен. Мұндай сәнқойлардың жолы болды. Ресейлік компания әрбір нәзікжандының талғамына сай тондардың түр-түрін әкелген. Көрмеде классикалық сырт киім де жоқ емес.

Роман Федоров – «Эталон меха» көрмесінің әкімгері, Пятигорск қаласы, РФ:

– Біз де трансформер деп аталатын ішіктердің түр-түрі бар. Қазіргі таңда олар нәзікжандылардың арасында үлкен танымалдылыққа ие. Себебі, қолы мен тонның асты шешіледі. Осылайша, ұзын жеңді, тізеге дейін жететін сырт киімнен автоледи үлгісін шығаруға болады.

Надежда Асташова жуырда ғана өзінің мерейтойын атап өтіпті. Енді, міне, жұбайымен бірге бағалы сыйлық алуға келген. Нәзікжанды көрмеде қойылған алуан түрлі тондардың өзгеше үлгілеріне назар аударуда. Қала тұрғынына ерекше фасондағы сырт киімдер ұнайтын көрінеді. Бірнешеуін киімін киіп көрген ол ішіктердің сапасы жоғары. Нағыз солтүстіктің сарышұнақ аязына арналып тігілгендей дейді. Оған қоса, сәнді әрі заманауи үлгіде.

Надежда Асташова – қала тұрғыны:

– Менде қара түсті ішік бар. Сондықтан, ақшылдауын іздеп жатырмын. Үстімдегі тон өзіме қатты ұнады. Бір жақсысы, түймелері бар. Өте жылы. Қазір тағы бірнешеуін киіп көріп, жұбайымыздбен таңдау жасайтын боламыз.

Ресейлік дизайнерлердің қолынан шыққан ішіктердің түсі де, өлшемі де сан алуан.

Роман Федоров – «Эталон меха» көрмесінің әкімгері, Пятигорск қаласы, РФ:

 – Көрмеге қойылған ішіктердің барлығына жақсы жеңілдіктер қарастырылған. Егер нәзікжанды қара күзен тонын қолма-қол ақшаға сатып алатын болса, онда бағасынан – 100-150 мың теңге, ал мутонды алса 40 мың теңгеге түсіріп береміз. Сондай-ақ, 12 айға бөліп төлеу қарастырылған. Бұған қоса, жергілікті банктер арқылы несие рәсімдеуге де болады.

Шара ақпанның 4-іне дейін Sity Mall сауда үйінің 3-ші қабатында өтетін болады. Сәнқой нәзікжандылар үшін көрме таңғы 10-нан кешкі 10-ға дейін жұмыс істемек.

Эльмира Садвокасова