Құқық қорғау органдары

“Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу шарасы

Ювеналдық полиция инспекторлары облыс орталығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу шарасын өткізді. Үш күн бойы олар түнгі 11-ден кейін рейдтерге шығып, көше кезіп жүрген жасөспірімдерді анықтады.

Сағат түнгі 11-ден соң кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар қала көшелеріне шығады. Басты назарда – дәмханалар, компьютерлік клубтар мен сауда және ойын-сауық орталықтары.

– “Шел домой. Сильно замерз. В «Сокол» зашел, чтобы согреться.

Жасы 17-дегі бұл студентті полицейлер түн жарымда, шаһардағы сауда орталықтарының бірін аралап жүрген жерінен тоқтатқан. Бозбаламен әңгімелескен инспекторлар оған түнгі сағат 11-ден кейін үлкендердің қарауынсыз көшеге шығудың құқықбұзушылық екендігін түсіндірді және ол қылығы үшін ата-анасы жауапты.

Қуандық Қанжігітов – қалалық ПБ ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы:

 – Рейд барысында «Сокол» сауда үйінің маңында кәмелетке толмаған тұлға тоқтатылды. Одан түсініктеме алу барысында жасөспірім қыдырып жүрген тұлға уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей қалғанын айтып түсіндірді. Аталмыш кәмелетке толмаған бірінші құқық бұзушылық жасап тұрған соң, оның заңды өкіліне Қазақстан Респубьликасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес ескерту берілді.

“Түнгі қаладағы балалар” атты жедел-алдын алу шарасы шаһарда үш күн бойы жүргізілді. Осы уақыт аралығында инспекторлар 40-тан астам әкімшілік хаттама толтырған. Олардың жартысынан көбінде жасы 18-ден аспаған бозбалалар мен бойжеткендер үлкендердің қарауынсыз түн жарымда қаңғырып жүрген. Бұдан бөлек, тұрмысы төмен отбасылар да тәртіп сақшыларының назарында. Рейдтер барысында инспекторлар барлығы 39 жеткіншек тұратын мұндай 36 жанұяның жағдайымен танысқан. Нәтижесінде 3 отбасы есепке алынды.

Саят Ермек