Спорт

Бокстан облыс біріншілігі бастау алды

Енді спорт жаңалығына құлақ түріңіздер. Бүгін Петропавлда бокстан облыс біріншілігі бастау алды.

Жарысқа 2001 және 2002 жылы туылған 50-ге тарта жас қатысып жатыр. Олар 3 күнге жалғасатын чемпионатта 11 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Осылайша мықты спортшылар анықталады. Кейін, дәл осы үздік атанған өрендер облыс намысын Қазақстан біріншілігінде қорғайтын болады.

Мақсат Әбілбашаров – жарыстың бас төрешісі:

– Бұл жарыстың мақсаты СҚО құрамасын құру болып табылады. Сосын сол балаларды Шымкент қаласында өтетін ел чемпионатына апарамыз. Жақсы балалар қатысып жатыр. Олардың араларында спорт шеберлері бар. Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары бар.

 

Култанов Байболат