Құқық қорғау органдары

Қала кеңселерінің бірінде ұрлық жасаған баукеспе ұсталды

Әлеуметтік желілерді белгісіз ер адамның кеңсе мен бутиктерде ұрлық жасаған сәті түсіп қалған бейнежазба кезіп жүр.

Мына видеодан 48 жастағы ер адамның қаладағы кеңселердің бірінде / фойеде тұрған күректі ұрлап кеткенін көруге болады. Ол оны басқа кеңсенің алдын қардан тазалау үшін алған екен. Кейін күректі базарға апарып сатып жіберіпті.

Ал келесі күні әлеуметтік желіде тағы да дәл сол азаматтың сауда бутиктерінің бірінде әмиян ұрлап жатқан кезі түсіп қалған 2-ші бейнежазба пайда болды. Тәртіп сақшылары баукеспені бірден қолға түсірді. Қазір аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодесінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін толығымен мойындап отыр.

Ерболат Қаптаев – Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы:

– Жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында оның басқа да ұрлықтарға қатыстылығы анықталды. Сондай-ақ, Мир көшесіндегі мекемеден күректі ұрлағанын мойындады.

Эльмира Садвокасова