Қоғам

Сенбі күні православ христиандары “Крещение Господне” мейрамын атап өтті

Қасиетті судан құйып алып, оған үш мәрте сүңгу үшін сенбілік таңда петропавлдың православ христиандары Есіл өзеніне жиналды. Қаңтардың 19-ы олар ең көне әрі басты діни мейрамдарының бірі “Крещение Господне” мерекесін атап өтті. Бұл күні қалалық жағажайдағы ойыққа келіп, дәстүрлі діни рәсімдерді орындаған діндарлардың қатары көп болды.

Діндарлар колоннасы әулиелер Петр мен Павл шіркеуінен шығып, Ойқала ықшам ауданының көшелерімен Есілдің жағасына беттеп келеді. Жыл сайын православ христиандарының “Крещение Господне” мейрамы осындай Крест жорығынан басталады.

Петропавл-Булаев епархиясының епископы Владимир әкей дұға оқып, суға алтын крестті батырып жатыр. Осылайша, православтар Крещение мейрамында су атаулы жаңарып, тылсым қасиетке ие болады дейді. Сондықтан, қасиетті судан алу үшін ыдыстарымен келгендер өте көп. Жалпы, бұл күні құтыға құйылып алынған тіршілік көзі бір жыл бойы шипалық қасиетін жолғатпайды деген сенім бар.
Ал сәл әрірек діндарлар жаппай қасиетті суға шомылып жатыр. Күнәларын жуып-шайып, жаңа өмірге қадам басу үшін олар ойықта тұрып, суға бастарын батырып 3 рет шомылады. Бұдан бөлек, бұл мықты денсаулықтың кепілі дейді мұнда жиылғандар.

– Солтүстікқазақстандықтарды Крещение мейрамымен құттықтаймын. Осылай мерекеде келіп, суға шомылып жүргеніме 10 жыл болды.

Әдетте, жыл сайын бұл күні суық сүйектен өтуші еді, ал биыл ауа температурасы нөлден сәл ғана төмен. Яғни, дәстүрлі “крещение аяздары” болмады. Осы жолы Есіл өзеніндегі мұз да жұқарған көрінеді. Сол себепті, мерекені атап өту үшін жиналған православ жұртшылығының қауіпсіздігін құтқарушылар ақ халаттылар бақылауда. Оқыс оқиға орын алып жатса, жедел көмек көрсетуге олар сақадай сай отыр.

Саят Ермек – тілші:

– Бұл мейрам апостолдар өмір сүрген кезеңде пайда болып, алғашында Епифания немесе Теофания деп аталса керек. Бұл сөздер “тазалық немесе жарықтық мерекесі” деген мағына береді. Тегіннен тегін емес. Себебі, бұл күні христиандар Иисус Христос көктен жерге түсіп, әлемге рақымшылық шашады деп сенеді. 

Саят Ермек