Денсаулық сақтау

Петропавлда ресейлік дәрігерлердің кезекті қабылдауы өтеді

Бірінші мойын омыртқасының жылжуы неге әкеліп соқтыруы мүмкін? Оны қалай емдеуге болады? Бұл сұрақтың жауабын “Атлант” медициналық орталығының білікті дәрігерлері біледі. Олар ағзаның атлант деп аталатын мүшесін қалпына келтіру үшін бүгінде тың әдісті қолданып жүр. Ресейлік мамандар Петропавлдағы кезекті қабылдауын қаңтардың 22-сі мен 26-сы аралығында өткізуді жоспарлап отыр.

73 жастағы Федор Янакогловтың 7-8 жылдан бері мойын омыртқасы маза бермепті. Дертіне дауа іздеген зейнеткер өткен жылдың мамыр айында ресейлік дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Федор Янакоглов:

– Денсаулығымның нашарлағаны соншалық буындарым сырқырап, қолым, саусақтарым жансызданатын күйге жетті. Кейін ресейлік мамандардың қаладағы “Панацея” отбасылық медициналық орталығында ем-дом шараларын жүргізетінін естідім. Дәрігердің қабылдауында болдым. Қазір жағдайым жақсарып қалды.

Ал Марина Казацких жас болса да, оны дәл осындай дерт мазалайды. Яғни, оның мойын омыртқасы қисайған. Уақыт өткен сайын ауруы дендеп, нәзікжандының кеудесі мен белінің сыздауына әкелген. Қыс мезгілінде Марина ресейлік дәрігерлердің көмегіне жүгініп, қажетті ем-домды қабылдапты.

Марина Казацких:

– Менің бір иығым екіншісінен жоғары болатын. Қисайған омыртқамды осындағы маман түзеп берді. Содан бері ұйқысыздық пен мазасыздық жойылды. Көңіл-күйім және зейінім жақсарды. Бұрынғыдай оқудан кейін шаршамайтын болдым.

“Атлант” медициналық орталығындағы мамандар омыртқадағы түрлі ауырсынуларды емдеуде швейцариялық қондырғыны пайдаланады. Кей пациенттерге аппаратпен бір рет емделу жеткілікті болса, өзгелеріне бірнеше курстан өту қажет екен. Дәрігерлер бірегей әдістің көмегімен 1 жастағы баладан 80 жасқа дейінгі жандарды сауықтыра алады.

Владимир Бочановский – “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Аппарат мойынның терең бұлшық еттеріне ықпал етеді. Ол өз кезегінде тікелей атлантқа жақсы әсер береді. Осындай әдістің көмегімен омыртқа бұлшық еттерінің қызметі қалпына келіп, ауырсынулар жойылады. Ем алған пациенттер бір айдан соң қайта қаралуы керек. Кейін оларға гимнастикалық жаттығулар ұсынамыз.

Ресейлік мамандар кезекті қабылдауларын қаңтардың 22-сі мен 26-сы аралығында “Панацея” медициналық орталығында өткізеді. Дәрігерлерге қаралуға 63-21-72 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.

Молдир Шаяхмет