Құқық қорғау органдары

Өткен жылы өңір тәртіп сақшылары 92 қылмыскерді құрықтаған

Өткен жылы солтүстікқазақстандық полицейлер 132 қылмыскерге іздеу салыпты. Нәтижесінде мамандар 92 заңбұзушының жүрген жерін анықтап, құрықтаған. Ал қалған 40 адам қолға түспепті. Дегенмен, олар қазір де іздестіріліп жатқан көрінеді.

Өткен жылдың желтоқсан айында Айыртау ауданының полицейлері іздеуде жүрген екі адамды құрықтады. Нақтырақ айтар болсақ, мамандар шартты түрде сотталған тәртіп бұзушыларды Астана қаласында ұстады. Заң бойынша қос тұрғын белгілі бір уақытта құқық қорғаушыларға барып, белгіленіп тұрулары қажет еді. Алайда, екеуі де мұны елемей, қашып жүріпті. Енді, осы үшін жазаланатын болады.

Мадияр Харипов – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

– Астана қаласында бұрын сотталған Саумалкөл ауылының тұрғыны ұсталды. Оны бірден мамандар Астанадағы уақытша ұстау изоляторына апарды.

Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды іздестіру кезінде полицейлер жылдар бойы қолға түспеген жандарды құрықтап жатады. Мұндай жағдайлар былтыр да тіркеліпті.

Мадияр Харипов – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

-Былтыр ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 25 қылмыскер ұсталды. Оның 7 өткен жылдардың санатына жатады.

Жалпы, 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 132 құқықбұзушыға іздеу салыныпты. Оның 92-сі ұсталған. Ал қалған 40 қылмыскер полицейлердің құрығына әлі түспепті. Олар қазір іздестіріліп жатыр.

Култанов Байболат