Денсаулық сақтау

Петропавлда ресейлік дәрігерлердің кезекті қабылдауы өтеді

Бірінші мойын омыртқасының жылжуы неге әкеліп соқтыруы мүмкін? Оны қалай емдеуге болады? Бұл сұрақтың жауабын “Атлант” медициналық орталығының білікті дәрігерлері біледі. Ресейлік мамандар қаңтардың 22-сі мен 26-сы аралығында қаламызда кезекті рет қабылдау өткізбек.

73 жастағы Федор Янакогловтың 7-8 жылдан бері мойын омыртқасы маза бермепті. Дертіне дауа іздеген зейнеткер осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Федор Янакоглов:

– Денсаулығымның нашарлағаны соншалық буындарым сырқырап, қолым, саусақтарым жансызданатын күйге жетті. Кейін ресейлік мамандардың қаладағы “Панацея” отбасылық медициналық орталығында ем-дом шараларын жүргізетінін естідім. Дәрігердің қабылдауында болдым. Қазір жағдайым жақсарып қалды.

Бүгін қария қаралып жүрген дәрігеріне тағы бір келіп, кеңес алды.
Ресейлік медициналық орталықтың сауықтыру әдісі дертінің емін таба алмай жүрген Людмила Чвановаға да септігін тигізген. Нәзікжандының соңғы бір жыл бойы мойыны мен белі қатты сыздап ауырыпты. Емін-еркін жүруден қалған ол соңғы үмітін арқалап “Атлант” медициналық орталығының дәрігерлеріне жүгінген.

Людмила Чванова:

– Аппаратты қолданған алғашқы күні дене мүшелерім аздап сырқырады. Өзімді сәл жайсыз сезіндім деп айтуға болады. Бірақ, бір-екі күн өткеннен кейін жағдайым тіпті түзеліп қалды. Қазір денсаулығым қалыпты.

“Атлант” медициналық орталығындағы мамандар омыртқадағы түрлі ауырсынуларды емдеуде швейцариялық қондырғыны пайдаланады. Кей пациенттерге аппаратпен бір рет емделу жеткілікті болса, өзгелеріне бірнеше курстан өту қажет екен. Дәрігерлер бірегей әдістің көмегімен 1 жастағы баладан 80 жасқа дейінгі жандарды сауықтыра алады.

Владимир Бочановский – “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Аппарат мойынның терең бұлшық еттеріне ықпал етеді. Ол өз кезегінде тікелей атлантқа жақсы әсер береді. Осындай әдістің көмегімен омыртқа бұлшық еттерінің қызметі қалпына келіп, ауырсынулар жойылады. Ем алған пациенттер бір айдан соң қайта қаралуы керек. Кейін оларға гимнастикалық жаттығулар ұсынамыз.

Ресейлік мамандар кезекті қабылдауларын қаңтардың 22-сі мен 26-сы аралығында “Панацея” медициналық орталығында өткізеді. Дәрігерлерге қаралуға 63-21-72 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.

Молдир Шаяхмет